Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда 70 порнография сайт анықталды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 18:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 70 порнография сайтты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 9-15 тамыз аралығында «Anti-fraud» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Мұндағы мақсат – ақпараттық технологияны қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу.

«Жеті күн ішінде тәртіп сақшылары 12 интернет алаяқтықты әшкереледі. Сондай-ақ бұрын жасалған 33 қылмыс ашылды. Ғаламтор желісіне мониторинг жүргізу нәтижесінде порнография бейне роликтері бар 70 сайт анықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары азаматтарды ғаламторды пайдаланған кезде барынша сақ болуға шақырады. Ақшаңызды, банк картаңыздың деректерін және ұялы операторлардан түсетін құпиясөздерді бейтаныс адамдарға жібермеңіз.


Жоғары қарай