Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда 15 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр

2020 жылдың 25 қараша 2020 06:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта 15 ПТР-зертхана жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі ПТР-зертханалар күн сайын тұрғындардан сынамалар алып, зерттеулер жүргізуде. Сондықтан бұл зертханалардың жұмысын толықтай қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерінің сапалы жүргізілуі басты назарға қойылған. ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференция барысында облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаев бүгінде аймақ бойынша жұмыс істеп тұрған жеке және бюджеттік зертханаларды атап өтті.

«Шығыс Қазақстанда 7 жеке зертхана зерттеулер жүргізеді, олар: «InVitro+» КДЕ, «ОЛИМП КДЗ» ЖШС, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС, «Aqualab» зертханасы, «Облыстық репродуктивті медицина орталығы» ЖШС және Ақтоғай кентіндегі модульдік зертхана. Бұл ретте, «IN VIVO» ЖШС, «Alatau Clinic» ЖШС және «Aqualab» зертханасында биологиялық материал алу пункттері ғана жұмыс істейді, ал зерттеулердің өзі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі», - деді ол.

Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, облыстық және аудандық ауруханалар базасында зерттеулер жүргізетін 8 мемлекеттік зертхана бар. Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемендегі Ұлттық сараптама орталығы және оның Семей қалалық бөлімшесі, Өскемендегі №4 қалалық аурухана, сондай-ақ Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасы.


Жоғары қарай