Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстанда 12 сантиметр қар түсті

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 13:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай, Күршім аудандары мен Риддер қаласының маңына қар жауды, хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде қар басқан жолдардың видеолары мен фотосуреттерін жариялауда.

tvoi_vko.kz инстаграм парақшасына салынған видео авторының айтуынша, Марқакөл қорығының аумағындағы Ұранхай ауылында таңертең қар 12 сантиметрге жеткен. Сондай-ақ Риддер қаласының маңындағы тауға, жол мен шыршаларға қар түскен.


Қазгидромет» РМК бұл ақпаратты растап, Шығыс Қазақстанның таулы аймақтары үшін бұл әдеттегі құбылыс екенін жеткізді.

«Біздің метеорологиялық станциялар тек Марқакөл қорығының аумағында қар жауғанын көрсетті. Бірақ Катонқарағай, Күршім аудандары және Риддер қаласы маңындағы таулы жерлерде қар түскен. Қар мөлшерін нақты атай алмаймын, өйткені тауда метеорологиялық станция жоқ», - деді «Қазгидромет «РМК синоптигі Динара Жылыбаева.

Сарапшының айтуынша, таяу күндері Шығыс Қазақстан облысында ауа райы суытады. Болжамға сәйкес, өңірде температураның төмендеуі және желдің күшеюі күтілуде.


Жоғары қарай