Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысында қандай азық-түлік қымбат

2021 жылдың 29 қазан 2021 17:24

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында апта сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 19 тауар ең төменгі үстеме бағамен сатылады. Жалпы аймаққа күріш, қант пен тұз басқа облыстардан жеткізілуде. Ал қалған әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер Шығыс Қазақстанның өзінде өндіріліп жатыр.

Өскемен қаласында жыл басынан бері 8 тауардың бағасы өскен. Атап айтқанда, сәбіз, картоп, қырыққабат, пияз, күнбағыс майы, тауық еті, қарақұмық жармасы және қант.

«Өңір аумағында 44 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ құзырлы органдар апта сайын бағаға мониторинг жүргізуде. Күнбағыс майының бағасы шілде айында әлемдік нарықта шикізаттың 120-дан 300 теңгеге дейін өсуіне байланысты біршама қымбаттаған болатын. Осы айдың соңына дейін күнбағыс майының бағасы шамамен 100 теңгеге төмендейді деп күтілуде», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай