Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 17:37

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранның салдарынан тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 22 қаңтар сағат 16:50-ден бастап ауа райының қолайсыздығына, нақты айтқанда боранға байланысты республикалық маңызы бар «Алматы - Өскемен» тасжолының 615-683 шақырымы (Алматы облысының шекарасы мен Таскескен ауылының арасы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйін алдын ала біліп алуға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін үш облыс аумағындағы бірқатар жол жабылғаны хабарланған.


Жоғары қарай