Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысында 10 мыңға жуық бала Pfizer вакцинасын алды

2021 жылдың 26 қараша 2021 13:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 10 мыңға жуық бала Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қараша айының басында облыстың медициналық мекемелеріне аталған екпенің 35 100 дозасы келіп түскен. Бүгінгі таңда тиісті санаттағы адамдарды иммундау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

«Өңір бойынша коронавирусқа қарсы америкалық Pfizer вакцинасын алғандар саны күн сайын артып келеді. Нақты айтқанда, қарашаның 16-ынан бастап 12-18 жас аралығындағы 9941 бала екпе салдырған. Балаларды вакциналау тек ата-анасының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ жүкті және бала емізетін 972 әйел егілді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда коронавирус стационарлары 17% жүктелгенін хабарлаған болатынбыз.




Жоғары қарай