Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығыс Қазақстан облысына Қытайдан гуманитарлық көмек келді

2021 жылдың 6 қазан 2021 17:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына Қытайдан гуманитарлық жүк жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, шекаралас Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Шығыс Қазақстан облысына қайтарымсыз көмек ретінде гуманитарлық жүк жіберді.

«Аймаққа 3 мың қорғаныс киімі, 6 мың медициналық маска, 63 мың хирургиялық және 10 мың жұп медициналық қолғап әкелінді. Жеткізілген жүк өңірде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне беріледі. Осылайша, облыс бойынша жеке қорғаныс құралдарының қоры екі айға толықтай қамтамасыз етілді», - делінген мәліметте.

ҚХР ШҰАР Тачэн округінің үкіметі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына індетті жетіп, қалыпты өмірге тезірек оралуларына тілеулестік білдірген. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмек қоймаға жеткізілді. Енді алдағы уақытта облыстың медициналық мекемелеріне таратылатын болады.


Жоғары қарай