Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шығын 300 млн теңге: Елордада екі қаржы пирамидасы анықталды

2021 жылдың 10 сәуір 2021 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада қаржы пирамидаларын құрған тұлғалар анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істеген екі компанияны әшкереледі. Атап айтқанда, компаниялар «Otbasy men jastardy qoldau qory» Корпоративтік қоры және «Invest Consulting Agensy» ЖШС ретінде жұмыс істеп, азаматтардың қаражатын заңсыз тартқан.

«Салдарынан 300 млн теңгеден астам шығын келтірілді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысы бойынша, «Otbasy men jastardy qoldau qory» Корпоративтік қоры және «Invest Consulting Agensy» ЖШС-ның жұмысы заңсыз және қызмет етуіне тиісті рұқсаты жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары барысында қажетті барлық тергеу шаралары жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдануда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен.


Жоғары қарай