Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

2020 жылдың 6 тамыз 2020 12:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомоствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін У. Шмидке ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы оған жоғары деңгейдегі байланыстарды қарқындату мен екі ел арасындағы сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған белсенді қызметі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Елші саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді екі жақты қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.





Жоғары қарай