Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Швед хоккейшісі Линус Виделль «Барыспен» келісімшартын бір жылға ұзартты

2020 жылдың 24 мамыр 2020 02:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швед хоккейшісі Линус Виделль елордалық «Барыс» сапында тағы бір жыл ойын көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команда сайтына сілтеме жасап.

Линус Виделль қазақстандық ұжым сапында 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін мұз айдынға шығады.

Биыл ол «Барыс» құрамында 37 ойында өнер көрсетті. Команданың жартылай финалға дейін жетуіне үлкен үлес қосты.

Швециялық хоккейші 2012 жылдан бері Құрлықтық хоккей лигасында. Елордалық клубқа дейін Ресейдің «Югра», «Северсталь», «Торпедо», «Трактор», Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» және Латвияның «Динамо» (Рига) клубтарында ойнады. Құрлықтық хоккей лигасында 35 жастағы шабуылшы барлығы 433 рет мұз айдынына шықты.

Бұдан бұрын«Барыс» құрамына канадалық хоккейші қосылған болатын.

Сондай-ақ, қақпашы Хенрик Карлсон «Барыс» командасында тағы бір жылға қалатын болды.
Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай