Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді

2021 жылдың 21 шілде 2021 18:53

ШУ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Шу қаласының тұрғынынан төрт келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарасора-2021» Республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қайнар-Қордай автожолында ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатқан.

Көлікті тінту барысында Теа есімді қызметтік иттің көмегімен Шу қаласының 25 жастағы жолаушы-тұрғынынан төрт келі гашиш табылды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді Жамбыл облыстық ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.


Жоғары қарай