Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шотландиядағы сайлауда Ұлыбританиядан бөлінуді қолдайтын партиялар жеңіске жетті

2021 жылдың 9 мамыр 2021 14:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Брекситтен кейінгі Шотландияғы алғашқы парламент сайлауында Ұлыбританиядан бөлінуді қолдайтын партиялар көпшілік дауысты жинады. Енді олар тәуелсіздік туралы референдум жариялап, Лондонмен оның заңдылығы туралы соттаспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Шотландияда 6 мамырда болған сайлау дауыстарын санау сенбі күні кешке аяқталды. Екі сепаратистер партиясы – билеуші Шотландияның ұлттық партиясы (ШҰП) мен жасылдар сауалнама уәде еткеннен аз дауыс жинады. Дегенмен 129 мандаттың 72-сін алды.

«Сайлау нәтижесі Эдинбург пен Вестминстер тәуелсіздік туралы екінші референдум турасында талқыны қайта жандандыратынына кепілдік береді», - деді Scotsman шотландық газетінің шолушысы.


Басты сөздер: Әлем, Еуропа, Сайлау,
Жоғары қарай