Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шолпан Каринова: Ата-аналар балаларына қай мамандықты таңдаған дұрыс екенін түсіндіруі керек

2020 жылдың 29 мамыр 2020 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына студенттерді қабылдау мәселесіне қатысты колледж басшылары бірнеше ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Техникалық және кәсіптік колледждердің басшыларының көбі Білім және ғылым министрлігіне негізгі үш ұсынысты жолдады. Кейбір әріптестеріміз колледжге қабылдау кезінде тестілеу жүйесіне ауысу керектігін жеткізді. Әріптестеріміздің тағы бірі бұл колледждерге биылғы ҰБТ-ның орташа балы бойынша қабылдау керектігін мәселе етіп көтерді. Тағы бірі емтихан қабылдауды бұрынғы форматта қалдыруды ұсынуда. Шындығы керек, бұл мәселелердің көтеріліп отырғанының өзі – қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Сондықтан бәріміз де ең бірінші кезекте балалардың денсаулығына баса мән беруіміз керек», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова БҒМ-нің онлайн баспасөз мәслихатында.

Вице-министр Президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеген тапсырмасын еске салды.

«Қазір Мемлекет басшысы жергілікті жерде техникалық және кәсіптік білім беру саласына көп көңіл аударып, мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жөнінде тапсырма берді. Осы орайда аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайына назар аудару керектігін ескертті. Министрлік тапсырманы орындауға кірісті. Колледждермен осы міндетті орындау бойынша жоспарлар бекітіліп, жұмысты атқаруға кірісіп кеттік», - деді ол.

Шолпан Каринова осы ретте техникалық және кәсіптік колледждерге академиялық дербестік беру – Елбасының министрліктің алдына қойған мақсаты екенін тілге тиек етті.

«Президент нақты кәсіпорындарға қажетті мамандарды даярлауды тапсырды. Бұл бірінші есеппен колледждерге студенттерді қабылдаумен тікелей байланысты. Маңыздысы – сапалы кадр. Бұл ретте кәсіби бағдарды айқындау жұмысы ерекше. Неғұрлым ата-аналарға қай мамандық баласына әлеуетті, пайдалы екенін түсіндіру керек. Президенттің қойған міндетін орындауға атсалысуға шақырамын», - деді колледж басшыларына Шолпан Каринова.


Жоғары қарай