Ауа райы
Нұр-Сұлтан 3 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Шөкеев: Түркістандағы құрылыс компаниялар пайданы емес, сауапты істі де ескергені дұрыс

2019 жылдың 5 наурыз 2019 21:39 1221

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «BI group» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басқосу барысында компания өкілдері Түркістан қаласындағы құрылыс барысын баяндады.

«Қазіргі таңда «BI group» холдингі Түркістан қаласында 5 нысанның құрылысын жүргізуде. Олар: Облыстық әкімдік және басқармалар мен департаменттердің ғимараты, орталық стадион, Медиаорталық, «Астана» алаңы, «Ұлы дала елі» орталығы.  Облыстық әкімдік ғимаратын ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз, ал басқармалар мен департаменттердің ғимараттарын 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беретін боламыз. Стадион, Медиаорталық, «Астана» алаңы мен «Ұлы дала елі» орталығының құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүруде», - деді Айдын Жұмаділұлы.

Сондай-ақ, компания өкілдері Түркістан қаласында бой көтеретін көпқабатты тұрғын үй алқаптарына арналған «Smart city» сынды ақылды қала жобаларын таныстырды. Онда әрбір пәтердің жылу, жарық, ауа тазалығын бақылап отыратын цифрлы технологиялар қарастырылған.

Облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарының барысымен хабардар болған өңір басшысы бірқатар тапсырмалар берді.



null 

«Түркістанда құрылыс жұмыстарын жүргізуші компаниялар тек пайданы ғана ойламай, елге сауапты істі де ескергені дұрыс. Қасиетті қаланы дамытуға үлес қосудың өзі үлкен игілікті іс. Бастысы, жаңа әкімшілік орталықтағы бой көтеретін ғимараттар уақытында аяқталуы тиіс. Сыртқы келбеті мен ішкі құрылымы заман талабына сай болуы керек. Ақылды қала жобасын алдағы уақытта қолға алып, серіктестік танытатын боламыз. Сондай-ақ, тиісті басқарма басшыларына инфрақұрылым мәселесін дер кезінде шешуді тапсырамын. Тұрғын үйлерді салуда барынша халыққа қолжетімді болу жағын басты назарда ұстауымыз қажет», - деді Өмірзақ Естайұлы. 



null 

null 

null 

null 

null 

null 

 

Басты сөздер: Құрылыс, Түркістан облысы,
Жоғары қарай