Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тұрғыны үйінде есірткі дайындаумен айналысқан

2021 жылдың 11 қазан 2021 04:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны үйінде есірткі дайындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы барысында есірткі дайындау және сақтау фактісін анықтаған.

«Алтай қаласының 50 жастағы үйінде аспаздық көкнәр мен еріткішті араластыру арқылы есірткі дайындаған. Өз сөзінде ол есірткіні тамырға инъекция арқылы жеке пайдалану үшін жасағанын жеткізді. Сондай-ақ үйді тінту барысында полиция қызметкерлері есірткі затын жасауға қолданылған металл ыдысты тәркіледі», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл «экстракциялық опий» болып шықты.

Оның құрғақ қалдығының салмағы 0,0885 грамды құрады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.








Жоғары қарай