Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО тұрғындары су басу қаупі туралы ескертілуде

2020 жылдың 17 наурыз 2020 20:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 17-19 наурыз аралығында еріген қар мен жаңбыр суының тасқыны күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталған екі күнде күн күрт жылынып, жауын жауады.

«Ауа температурасының жоғарылауы сақталатындықтан және жауын-шашынға байланысты ШҚО аумағында 17-19 наурыз аралығында қар жамылғысының жылдам еруі және мұз көбесінің сөгілуі болжанады. Осы ретте тұрғындарға тасқын кезіндегі іс-қимыл ережелері түсіндіріліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, биыл өңір бойынша 1 миллионға жуық текше метр қар шығарылған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы 108 елді мекенді су басу қаупі туралы хабарланды.


Жоғары қарай