Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО трассасында ресейлік жүргізушінің көлігі жыраға түсіп кетті

2021 жылдың 22 ақпан 2021 13:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері жүк көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен ресейлік жүргізушіге көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға «Өскемен-Семей» тасжолындағы Бұлақ ауылының маңында болған.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты, нақты айтсақ дауылды желден «ДАФ» маркалы жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткен. Көлік тізгінінде отырған Ресей Федерациясының 55 жастағы азаматы болып шықты. Ол Өскеменнен Семейге қарай келе жатқан», - делінген хабарламада.

Полиция капитаны Н.Матайбаев және аға лейтенант Қ.Әзитай бірден жүргізушіге көмекке келді. Олар «ДАФ» көлігін басқа жүк көлігінің көмегімен қайтадан жолға шығарды.














Жоғары қарай