Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО тауларында көшкін жүру қаупі бар

2021 жылдың 20 сәуір 2021 21:06

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында осы аптаның соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20-26 сәуір аралығында өңірдің таулы аймақтарында көшкін жүруі мүмкін. Жыл сайын көктемнің алғашқы айларында қар көшкіні қаупі жоғары болады.

«Құбылмалы ауа райы мен қардың жылдам еруі – көшкін жүру мүмкіндігін арттыратын факторлар. Облыста көлік жолдары мен елді мекендерге көшкін қаупін төндіретін учаскелерді «Қазселденқорғау» ШҚО филиалының мамандары ұдайы қадағалап отырады. Үнемі көшкін қаупі бар ошақтарға жерүсті және аэровизуалды мониторинг жүргізіліп, тауларда қардың жиналуы бақылануда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте департамент мамандары өңір жұртшылығына таулы аймақтарға бармай, көшкін қаупі бар учаскелерде серуендеуден аулақ болу қажеттігін ескертеді.


Жоғары қарай