Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 17:40

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құраммен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Президенті Әкімшілігімен және аймақ басшысы Даниал Ахметовтың келісімі бойынша полиция полковнигі Сағат Кентайұлы Мәдиев ШҚО полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Сағат Мәдиев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының полиция бөлімдерінде басшылық қызмет атқарды.

2017 жылдың наурыз айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған.

ШҚО полиция департаментінің бұрынғы басшысы Жанарбек Бактыбаев енді Маңғыстау облыстық полиция департаментін басқармақ.





Жоғары қарай