Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО полицейлері бір күнде 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді

2021 жылдың 23 маусым 2021 14:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері бір күнде 9 млн теңгеден астам айыппұл өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Борышкер» жедел алдын алу шарасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағандардан айыппұл өндіруге бағытталған.

«Шара барысында арнайы мобильді топтар құрылған. Тәртіп сақшылары рейдке шығып, борышкерлерден жалпы сомасы 9 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған 48 жүргізушінің көліктері айыппұл тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.

Мысалы, Семей қаласынан Өскеменге жиі жол жүретін тұрғын 10 рет ереже бұзып, айыппұлын төлемей жүрген. Оның қарызының жалпы сомасы 77 мың теңгеге жетті. Ер адамның көлігі айыппұлын толықтай төлегенше арнайы тұраққа қойылған.


Жоғары қарай