Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

ШҚО-ның үш ауданында тасқын қаупі сейілді

2019 жылдың 15 наурыз 2019 17:59

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Төтенше жағдай қызметінің өкілдері төрт бірдей ауданның үстінен тікұшақпен бақылап, қардың еру қарқынын тексеріп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбек бастаған топ Өскемен-Аягөз-Ақтоғай-Үржар-Зайсан-Ақжар ауданы аумақтарын тікұшақпен бақылап, қардың еру қарқынын тексерді. Жұмыс тобы қардың бірқалыпты еріп жатқанына көз жеткізіп қайтқан. Ал өзендерде мұз жару жұмыстары жылдағыдан ерте басталғандықтан, кептелістер көзге шалынбаған.

«Әуеден 4 ауданның ахуалын барлап қайттық. Қазгидромет мәліметі бойынша облыстағы қардың қалыңдығы орта есеппен 23 сантитметрден аспайды. Бұл нормаға сай көрсеткіш. Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарында қар еріп бітті деуге болады», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Мадияров.

Осыған қарамастан, облыс бойынша төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы жоғары дайындық режімінде жұмыс істеп тұр. Үш ауданда мұз жару жұмыстары аяқталса, қар кетуі мүмкін жолдарда 60-тан астам жасанды көшкін түсірілген.

Жоғары қарай