Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-ның Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

2019 жылдың 8 мамыр 2019 16:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат ­ - Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Ілияс Мұхамеджанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ілияс Мұхамеджанов бұл тағайындауға дейін 2017 жылдан бастап аталмыш басқарманың басшы орынбасары қызметін атқарды.

Ол С.Д.Асфендияров атындағы ҚазММУ бітірген. Алматы Жедел медициналық көмек ауруханасының операциялық блогында санитар болып жұмыс істеген. Кейін Б.О.Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында (ҰУО) ғылыми қызметкер, ҰУО-да ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Түрлі жылдары Аустрия және Мысырдың медициналық клиникаларында біліктілігін арттырды.

Қазақстан урологтары қауымдастығының басқарма мүшесі, түрлі еңбектердің авторы.

«Ілияс Мұхамеджан соңғы үш жылда қолға алынған облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуды кәсіби тұрғыда жалғастыратынына сенім артамын», - деп жазды ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жоғары қарай