Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-ға психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан павлодарлық ұсталды

2021 жылдың 12 қазан 2021 03:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы аумағына психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан павлодарлық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменге психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан ер адамды ұстады.

«29 жастағы жігіт жеңіл пайда табу мақсатында психотроптық заттарды ғаламтор арқылы саудалап, келісілген жерлерге қойып кетіп жүрген. Тінту кезінде оның іш киімінен көк түсті изолентаға оралған 41 түйіншек табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 23,241 грамды құрайтын «пирролидиналерофенон» атты психотроптық зат болып шықты», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Белгілі болғандай, ер адам психотроптық заттарды саудалау үшін Өскеменге Павлодар қаласынан келіп, жалдамалы пәтерде тұрған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жоғары қарай