Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін босатты

2020 жылдың 20 қазан 2020 22:02

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан қызметін босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты мен ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кеттім. 3 жыл ішінде өңірде көптеген маңызды жобалар іске асырылды. Осы уақыт аралығында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 2 мыңнан астам заманауи жабдық алынды. Бұл жоғары технологиялық медициналық техника көлемін 2,5 есеге ұлғайтуға, диагностика мен емдеудің 130 мыңнан астам жаңа әдістерін енгізуге және халықаралық аудит міндеттерін 100% орындауға мүмкіндік берді. Облыстық Онкологиялық диспансер мен Ана мен бала орталығына 128 тілімге арналған екі компьютерлік томограф орнатылды», - деді Ілияс Мұхамеджан.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар негізгі көрсеткіштердің серпінін жақсартты, мәселен нәресте өлімін - 14,8%, қатерлі ісіктен болатын өлімді - 5,9%, туберкулезден болатын өлімді - 63% төмендетті.

«Медициналық ұйымдар COVID-19-дың екінші толқынына дайындалып жатыр. Төсек-орын 12 есеге ұлғайтылды. Қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алынды. Жыл соңына дейін тәулігіне 5 мың сынама жасайтын тағы бес жаңа ПТР-зертхана ашу жоспарлануда. Бұл, біздің өңір халқына талдау нәтижелерін уақытылы алуға мүмкіндік береді», - деді Ілияс Мұхамеджан.

Айта кетейік, Ілияс Мұхамеджан С.Д.Асфендияров атындағы ҚазММУ-ды бітірген. Алматы Жедел медициналық көмек ауруханасының операциялық блогында санитар болып жұмыс істеді. Кейін Б.О.Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында (ҰУО) ғылыми қызметкер, ҰУО-да ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметіне 2019 жылдың 8 мамырында тағайындалған болатын.


Фото: facebook.com/iliyas.mukhamedzhan
Жоғары қарай