Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-дағы түрлі нысандарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 11 мың фактісі тіркелді

2022 жылдың 28 қаңтар 2022 15:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түрлі нысандарда өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың 11 мың фактісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мамандар өрт шығу қаупі бар нысандарға үнемі тексеру жүргізуде.

«Бір жыл ішінде 1860 объект мұқият тексерілді. Оның ішінде жоспардан тыс тәртіпте 1491 өрт-техникалық тексеру жүргізілген. Нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 11 мыңнан астам фактісі тіркелді. Жіберілген бұзушылықтар үшін 2443 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам 278 айыппұл салынған», - деді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.




Сондай-ақ тілсіз жаудың алдын алу мақсатында мамандар шағын кәсіпкерлік объектілеріне 790 ақпараттық және ұсынымдық хаттар жіберген. Бизнес өкілдерінің қатысуымен 132 дөңгелек үстел ұйымдастырылды.








Жоғары қарай