Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы шаруа қожалығында ірі өрт болды

2020 жылдың 26 қазан 2020 10:36

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы шаруа қожалығының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қазанда сағат 00.53-те Шелехово ауылындағы шаруа қожалығының өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде 100 тонна шөп жанып жатты. Қызыл жалын лезде қораның ағаш құрылымдарына тарап кеткен.

Тілсіз жауды ауыздықтауға екі өрт сөндіру көлігі мен жеке құрамнан сегіз адам, сонымен қатар трактор және шаруа қожалығындағы бес жұмысшы жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы 600 шаршы метрді құраған. Осы кезде қорада 15 сиыр, екі жылқы және екі трактор болған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін қожалық иелері жеті сиырды, ал құтқарушылар екі тракторды шығарып үлгерді. Алайда екі жылқы мен сегіз бас ірі қара өртеніп кетті. Тілсіз жаудың шығу себебі – қасақана өрт қоюдан болуы мүмкін», - деп хабарлады облыстық ТЖД.


Жоғары қарай