Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-дағы 10 елді мекенге су тасқынына қарсы жабдықтар жеткізілді

2021 жылдың 12 қазан 2021 21:17

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 10 елді мекенге су тасқынына қарсы жабдықтар жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі су тасқыны қаупі жоғары 10 ауылда арнайы жоба іске асырылуда. Еуропалық Одақ қаржыландыратын бұл жоба «Апаттарға төзімділікті арттыру және Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту жөніндегі Сендай бағдарламасын іске асыруды жеделдету» бастамасы аясында қолға алынып отыр.




Жоба барысында Қазақстанның «Қызыл Жарты Ай» қоғамы - халықты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларына, апатқа дайындық жүргізуді және тиісті жоспарларды әзірлеуді үйретеді. Соның аясындағы тағы бір маңызды оқиға – елді мекендерді су тасқыны кезінде қажет болатын жабдықтармен және материалдармен жабдықтау. Ауылдарға генераторлар, мотопомпалар, шамдар, мегафондар, құтқару кеудешелері мен алғашқы көмек қобдишалары жеткізілген.







«Облыс бойынша қамтылған аудандарда 27 су тасқыны қаупі бар учаске орналасқан. Сондықтан мұндай жоба тасқын қаупінің алдын алу және азайту үшін аса маңызды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.








Жоғары қарай