Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жыл сайын IT-мамандықтар бойынша грант саны 10% артады

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 00:19

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын IT-мамандықтар бойынша грант саны 10% артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен жиналыс барысында айтылды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында IT-секторды жас әрі ынталы кадрлармен күшейтуді, кемінде 100 мың жоғары білікті маман дайындауды тапсырған болатын. Осы мақсатта облыста IT-мамандықтар бойынша гранттар санын жыл сайын 10 пайызға арттыру қажет. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының базасында халықаралық стандарттар бойынша бағдарламалау кабинеттерін ашу керек», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, өңірде аталмыш саланы дамыту үшін бірқатар шара атқарылып жатыр. Мәселен, бүгінде облыста ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталық жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде, жыл басынан бері 6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс ашылып, 1,3 млрд теңге айыппұл өндірілген.

Жоғары қарай