Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды

2021 жылдың 16 тамыз 2021 21:15

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастағандарды анықтау және стихиялық қоқыс үйінділерін жою мақсатында Ұлан ауданында рейд жүргізілді. Шараға департамент мамандары, аудан әкімінің орынбасары Болатхан Ринат және Таврия ауылдық округінің әкімі Данияр Уахитов қатысқан.

«Осыған дейін Шүлбі су қоймасы мен Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауларында рейд жүргізілген болатын. Кезекті шара Ұлан ауданында өткізілді. Нәтижесінде, Таврия ауылдық округі аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен сол жер қоқыстан толықтай тазартылды», - делінген ақпаратта.

Департамент өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері облыста 568 қоқыс үйіндісі анықталып, бүгінде оның 100-ден астамы жойылған.


Жоғары қарай