Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандар саны 80 мыңға жуықтады

2021 жылдың 24 қараша 2021 18:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл ЖРВИ-мен ауырғандар саны 80 мыңға жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан бері жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны 79 406 адамды құрап отыр. Оның жартысына жуығы – балалар.

«Жалпы аймақ бойынша ЖРВИ-ге шалдыққан адам саны жағынан Өскемен қаласы алдыңғы орында тұр. Шаһарда 40 388 науқас тіркелген. Ал ең төменгі сатыдағы Тарбағатай ауданында – 15 тұрғын жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырды», - делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің дерегінше, өткен жылмен салыстырғанда аталған инфекциямен сырқаттану деңгейі 1,2 есеге артып отыр.


Жоғары қарай