Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жол жөндеушілер ескерту белгісін қоймағандықтан көлік шұңқырға құлады

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 18:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында жол жөндеушілердің ескерту белгісін қоймауы салдарынан көлік шұңқырға құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Шемонаиха қаласындағы Иванов көшесінде болған. «ЗАЗ» маркалы автокөлікті тізгіндеген 24 жастағы жүргізуші қазылған жолды байқамай, шұңқырға түсіп кетті.



Жарақат алған ер адамға медицина қызметкерлері көмек көрсеткен. Жүргізушінің айтуынша, жол апатына жөндеу жұмыстары туралы ескерту белгісінің қойылмауы себеп болды.

«Аталған факті бойынша жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «ВостокЭнерго» ЖШС басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккен азамат материалдық шығынды өндіру үшін сотқа арыздана алады», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай