Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жол ережесін бұзған 12 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 22:56

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд барысында Семей қаласының тәртіп сақшылары шаһардағы басты көшелердің бірінде автокөлікті мас күйінде тізгіндеген 37 жастағы ер адамды ұстады. Тексеріс кезінде оның 2 жыл бұрын Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде өңір полицейлері көлікті мас күйде басқарған 25 жүргізушіні, бұрын көлік басқару құқығынан айырылса да рульге отырған 6 адамды, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 70 жүргізушіні және қауіпсіздік белдігін тақпаған 227 жүргізушіні анықтады. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 12 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылған. Сонымен қатар айып тұрағына барлығы 22 автокөлік қойылды. Бұдан бөлек, ЖҚЕ бұзғаны үшін 280-нен астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Сондай-ақ ШҚО полиция қызметкерлері жөндеу жұмыстары жүріп жатқан апаттық жолдар мен учаскелерге қосымша тексеру жүргізді. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 11 белгі қойылды.

Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы 24 қыркүйекке дейін жалғасады.



Жоғары қарай