Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да жоғалып кеткен 13 жасар жеткіншек табылды

2021 жылдың 30 қазан 2021 14:05

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалған жеткіншек аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 28 қазанда сағат 19.00 шамасында әйел адам «102» жедел арнасына хабарласқан.

Өз сөзінде ол кәмелетке толмаған баласының бір күн бұрын үйден далаға серуендеуге шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмағанын жеткізді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жеткен. Барлық жеке құрам 13 жастағы жеткіншекті іздеуге жұмылдырылды.

Бала баруы мүмкін деген барлық орындар, көшелер мен аулалар, оның туыстары мен достарының үйлері және өзен жағасы тексерілді.

«Соның нәтижесінде оқушының қайда екені анықталды. Белгілі болғандай, ол ата-анасына ескертпей досының үйінде қонып қалған. Осыған дейін де жеткіншек бірнеше рет үйден ескертпей кетіп отырған. Полиция қызметкерлері оған және ата-анасына профилактикалық әңгіме өткізді», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай