Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да зейнеткердің гаражынан 38 оқ табылды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 17:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында зейнеткердің гаражынан мылтықтың 38 оғы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 72 жастағы зейнеткердің гаражын тексерген. Нәтижесінде 38 оқ табылып, тәркіленді.

«Сараптамаға сәйкес, бұл 62-39 калибрлі оқ екендігі анықталды. Өздігінен оқталатын карабинге, автоматтарға, қол пулеметтеріне, аңшылық қаруға қолданылады. Оқ-дәрі ойық атыс қаруына арналған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай