Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да үздік медицина қызметкерлері марапатталды

2021 жылдың 18 маусым 2021 18:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов үздік медицина қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында аймақ басшысы Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына және облыстық Денсаулық сақтау басқармасына барды. Кездесу барысында Даниал Ахметов аймақтың ақ халаттыларын кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдің денсаулық сақтау саласының үздіктеріне құрмет грамоталарын табыс етті.

Олардың қатарында ШҚО Бас педиатры Гүл Құсайынова, Ана мен бала бөлімінің маманы Гүлжан Қасебаева, Ана мен бала орталығының педиатриялық қызмет басшысы Юлия Шершнева, ревматолог Гүлжан Әділханова және нейрохирург Дмитрий Недбайло бар.




«Короновирус пандемиясымен күрес кезеңінде талмай еңбек еткен дәрігерлер мен медбикелерді бүгінгі күннің батырлары деуіміз керек. Тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн, отбасына көңіл бөле алмағандарына қарамастан COVID-19 індетімен аянбай күресіп, қаншама азаматтың өміріне араша түсті, қоғамның амандығы үшін қалтқысыз қызмет етті. Қазір азаматтар медицина қызметкерлерінің еңбектеріне ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Халықтың көзқарасы өзгерді», - деді Даниал Ахметов.




Өз сөзінде әкім облыстың барлық медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, мұқалмас күш-жігер және мол табыс тіледі.














Жоғары қарай