Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

ШҚО-да түлектердің шетелдік ЖОО-ларға кетуін екі есе азайту көзделіп отыр

2020 жылдың 27 ақпан 2020 11:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мектеп түлектерінің шетелдік университеттерге түсуі азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті.

Оның айтуынша, басқарманың негізгі бағыттарының бірі – түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту. Өңірдегі университеттердің бәсекеге қабілетін арттыруға бағытталған «Білікті маман» жобасы жүзеге асырылуда. Облыста 2017 жылдан бастап республикадан бөлек қосымша білім гранттары бөлінуде. Сол жылы – 200, 2018 жылы – 446, 2019 жылы – 400 грант бөлінген. Нәтижесінде жергілікті бюджет есебінен 1046 студент жоғары оқу орындарында білім алуда.

Түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі айтарлықтай азайып келеді. 2016 жылы Шығыс Қазақстаннан - 1800 адам, ал 2019 жылы - 535 адам басқа мемлекеттерге оқуға кеткен. Ал биыл бұл көрсеткішті 2 есе азайту көзделіп отыр.

«Біз әр университетпен тығыз байланыстамыз. Жылына 600 студент оқу бітіреді. Жоғары оқу орындарының ректорлары түлектердің кем дегенде 90%-ы мамандық бойынша жұмыспен қамтамасыз етілуіне мүдделі болуы керек. Осының негізінде оларға мемлекеттік тапсырыс беріледі. Егер студенттер жұмыспен қамтылмаса, онда мемлекеттік тапсырыс болмайды. Грант қажетті мамандықтарға беріледі, бірақ балалар қайда баратынын өздері таңдайды. Мысалы 100 үміткер С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға түскісі келсе, грантты сол университетке бөлеміз», - деді Сайрангүл Жұмаділова.


Жоғары қарай