Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ШҚО-да тасжолда көлік қағып кеткен бұланның төлі хайуанаттар бағына жеткізілді

2020 жылдың 27 мамыр 2020 02:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қағып кеткен бұланның төлі хайуанаттар бағына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО «Семей әуесқой автомобильшілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, бұланның төлі Өмеш асуынан табылған. Ол тасжолдың бойында жүгіріп жүріпті.

Анықталғандай, оның анасын көлік қағып кеткен екен. Түз тағысы қазіргі уақытта сол жағалаудағы хайуанаттар бағына жеткізілген.

«Жабайы аңды хайуанаттар бағына кіргізу үшін бірқатар қиындық болғаны рас. Бірақ ең бастысы қазір ол аман-есен, ал қалғаны осындағы қызметкерлерге байланысты. Бұланның төлін табылған жеріне байланысты Өмеш деп атауды жөн көрдік», - дейді қоғамдық бірлестік мүшелері.


Жоғары қарай