Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да табылған ерте темір дәуіріне жататын қоныста зерттеу жұмыстары жалғасуда

2021 жылдың 26 тамыз 2021 21:39

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында табылған ерте темір дәуіріне жататын қоныста зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай белгілі археолог Зейнолла Самашевтың жетекшілігімен өңірде археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Күршім ауданындағы Ақбұлақ ауылдық округі Теріскей Бөкенбай ауылына қарасты Дуаналыдан ерте темір дәуірінің қонысы табылып, сонда зерттеу жұмыстары жалғасын табуда.

«Бұл «Қола дәуірінен ерте орта ғасырға дейінгі Алтай-Тарбағатай» тақырыбындағы Шығыс Қазақстан облысының 2019-2021жылдарға арналған археология саласындағы ғылыми зерттеу жұмысы аясында қолға алынған. Күршім мен Марқа өңірін зерттейтін 17 адамнан құралған шағын топтың жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты Ғани Омаров. Аталған топта әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың екі мұғалімі мен болашақ археолог боламын деген бір топ студенттер бар», - деді Күршім ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Армен Карапетян.

Оның айтуынша, карантиндік шектеулерге байланысты биыл студенттердің саны біршама азайған. Күршім ауданында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз болып келген археологиялық ескерткіштер ашылуда.


Жоғары қарай