Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты 35 іс қозғалған

2019 жылдың 22 қазан 2019 16:33

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Әділхан Сабуровтың қатысуымен пресс-конференция өтті. Бұл жөнінде ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Әділхан Сабуровтың айтуынша, жемқорлық - Қазақстандағы ең өзекті мәселелердің бірі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлықтың алдын алу, әшкерелеу, осы салаға қатысты қылмыстық істерді тергеу амалдарын жүргізеді.

2018-2019 жылдары департамент мамандары 35 қылмыстық істі ашты. Оның 28-і сотта қаралды. Ал қалған жетеуін жасаған айыптылар қылмысын өздері мойындады.

Брифинг барысында Әділхан Сабуров «Дарын» ҒЗМ директоры А.К.Ғафуровқа қатысты қылмыстық істі мысал ретінде атап өтті. Айтуынша, А.К.Ғафуров 5 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметтен шеттетілген.

«Мұндай қылмыстардың дені мемлекеттік қызметті кезек күтпей алғысы келгендіктен туындайды. Біз қоғам болып жемқорлықпен күресуіміз керек», - деді Әділхан Сабуров.

Жоғары қарай