Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да суға түсуге тыйым салынған 64 учаске тіркелді

2021 жылдың 14 мамыр 2021 14:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында суға түсуге тыйым салынған 64 учаске тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар өңірде тыйым салынған шомылу орындарының тізімін белгіледі.

«Жаз шығып, күннің жылынуымен аймақта су жағасына барып демалушылар саны арта түседі. Өткен жылы Шығыс Қазақстанда суға шомылу маусымында 31 адам суға батқан. Барлық жазатайым оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында болды. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен азаматтардың шомылуына рұқсат етілмеген 64 учаске анықталды», - делінген хабарламада.

Бұл су айдындарында тыйым салу белгілері орнатылған. ТЖД құтқарушылары жүргізген көпжылдық талдау көрсеткендей, мұндай қауіпті су айдындарында ағын өте күшті.

Оның түбін сүңгуірлер тексермеген, сондықтан өзендерде адам денсаулығына қауіп төндіретін және өліміне әкелетін тастар, арматуралар және басқа да заттар бар.

Сондай-ақ тереңдігі төрт және одан бірнеше метр терең шұңқырлар болуы мүмкін.

«Демалушыларды қауіпсіздік мақсатында арнайы шомылуға жабдықталған орындарға баруға шақырамыз. Өңір бойынша ондай 16 жер бар. Құтқарушылар суға түсуге тыйым салынған учаскелерді жаз бойы патрульдейтін болады» делінген ақпаратта.


Жоғары қарай