Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да су тасқыны қаупіне орай өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізілді

2021 жылдың 8 сәуір 2021 19:00

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мамандар өзендерге тікұшақпен мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен «Қазгидромет» РМК мамандары Ертіс пен Уба өзендеріндегі жағдайды тікұшақпен бақылады.

«Өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Бірақ су қауіпті деңгейден аспаған. Қазір жер-жерде қар жылдам еріп жатыр. Өңір аумағының қармен жабылған аумағы соңғы апталарда 33 пайызға дейін азайды. Риддер қаласында, Катонқарағай, Бородулиха аудандарында қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында – 71 см, - дейді ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Семей қаласы мен Алтай, Күршім, Бородулиха, Шемонаиха, Катонқарағай аудандарындағы мұз кептелуі мүмкін 19 учаскеде профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 9,5 тоннадан астам жарылғыш зат пайдаланылған.


Жоғары қарай