Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да сотталғандар 400 мың маска тікті

2020 жылдың 14 шілде 2020 08:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстанда сотталған азаматтар пандемия кезінде 400 мың маска мен 642 қорғаныш киімін тікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство Шығыс Қазақстан облысындағы «Еңбек-Өскемен» РМК нысандарында жұмыс істейтін сотталғандар пандемия кезінде полиция, медицина қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері және өз туыстарына маска және арнайы қорғаныш киімдерін тігіп, сол арқылы ортақ іске өз үлестерін қосқанын хабарлады.

ШҚО бойынша ҚАЖД әйелдер колониясында жазасын өтеп жүрген бұрынғы дәрігер Дана Дидарова олардың осындай ауыр кезеңде көмегін тигізуге тырысып жүргендері туралы айтып берді.

«Қазіргі кезде біздің мекемеде тігін цехы өз штатын көбейтті. Бұл қорғаныш маскаларын тігу үшін мемлекеттік тапсырыстың орындалуына байланысты болып отыр. Бұл тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындап жүрміз. Мемлекет бізге сыйақы беріп, мекеме басшылығы грамота, марапаттарын берді. Мен біздің мекемемізді де #БІЗБІРГЕМІЗ акциясының қатысушысы деп санаймын», - деді Дана.

«ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша, біздегі сотталғандар полиция, медицина қызметкерлерін және өз туыстарын жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп отыр. Бұйым материалы гипоаллергенді, шаңнан қорғау қасиеті бар және инфекциялық ауруға шалдығу қаупін азайтады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді», - деп қосып өтті ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінен.


Жоғары қарай