Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да соңғы үш күнде 17 рет шөп өртенді

2021 жылдың 23 тамыз 2021 17:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш күнде 17 рет шөп өртеніп, қызыл жалын жалпы аумағы 213 гектар жерді шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 171 орман өрті тіркелген. Осының салдарынан 504,6 гектар орман алқабы жойылып кетті. Сондай-ақ күн сайын шөп жану оқиғалары орын алуда.

«20-23 тамыз аралығында 213 гектар аумақты шарпыған 17 шөп өрті болды.

Құтқарушылар, орманшылар, полицейлер және жергілікті атқарушы орган өкілдері шөп жануының алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізуде. Тұрғындарға саяжайда от жаққанда қауіпсіздік ережелерін бұзуға болмайтыны ескертілуде. Заң талаптарын сақтамайтындар жауапқа тартылады», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410-баптарын бұзған 261 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Жоғары қарай