Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да шөп өртеніп, оны сөндірмек болған екі ер адам зардап шекті

2020 жылдың 3 маусым 2020 14:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында денелерін күйік шалған екі азамат ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2 маусым күні сағат 18.40-та Тарбағатай ауданы Ырғызбай ауылдық округінде 60 гектар аумақтағы шөп өртенген. Қатты желдің салдарынан жалын сол маңайдағы «Темір» шаруа қожалығындағы қора-жайларға жайылуға шақ қалған. Бұны көрген қожалық иелері тілсіз жауды сөндірмек болады.

«Оттың ортасында қалған 1978 және 1990 жылғы ер адамдардың денелерін күйік шалған. Оларға көмекке келген жергілікті тұрғындар екеуін дереу ауруханаға жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қызыл жалынды ауыздықтауға №18 өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері, өрт сөндіру бекетінен 8 адам және 30 ауыл тұрғыны жұмылдырылған.

Айта кетейік, өрт бүгін таңғы сағат 5.30-да сөндірілді.

















Жоғары қарай