Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да шетелдіктерді үйлеріне заңсыз тұрғызған 72 адам жауапқа тартылды

2021 жылдың 13 қазан 2021 14:59

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шетел азаматтары өздерімен бірге тұратынын полицияға уақытылы хабарламаған Шығыс Қазақстан облысының 72 тұрғыны айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға заңсыз келгендерді анықтау, шетелдіктерді рұқсатсыз жұмысқа орналастыру фактілерінің жолын кесу мақсатында арнайы жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Соның аясында тәртіп сақшылары базарларға рейдке шығып, құрылыс алаңдарын, асханалар мен дәмханаларды тексеріп жатыр.

Шараның бір күнінде 255 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің өздерімен бірге тұруы туралы полицияға уақытында хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының 72 азаматына айыппұл салынды.

«Сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдікті жұмысқа тартқан 10 кәсіпкер жауапқа тартылды. Сот шешімімен 16 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды», - дейді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Бекпаев.


Жоғары қарай