Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да шетелден келген 60 адамнан коронавирус анықталған

2020 жылдың 24 қараша 2020 23:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында пандемия басталғалы бері коронавирустың сырттан келген 60 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде COVID-19 инфекциясын басқа мемлекеттерде жұқтыру жағдайлары да тіркелуде. Қауіпті дерт ҚР азаматтарынан және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар ресейліктерден табылған.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, пандемия кезеңінде осындай 60 жағдай анықталды. Қазан айында Ресей Федерациясының шекарасымен карантиндік шаралардың күшейтілуі нәтижесінде 32 жағдай тіркелді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары.

- 7 факті азаматтардың өз өтініштері бойынша белгілі болды. Оның ішінде шекарадан өту кезінде 2 жағдай анықталған. Ал 5 адамда вирус бірден табылмады. Олар шекарадан COVID-19-дың теріс нәтижесі бар анықтама қағазы арқылы өткен. Алайда бірнеше күн өткеннен кейін аурудың инкубациялық кезеңіне сәйкес келетін ПТР нәтижесі оң болып шықты. Бұдан бөлек, зерттеу барысында инфекция анықталған 23 адам карантиндік стационарға жіберілген, - деді облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Талғат Тұңғышбаев.

Оның айтуынша, коронавирустың Қытайдан әкелінген жағдайлары тіркелмеген.


Жоғары қарай