Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да шектеу шаралары 7 ақпанға дейін ұзартылды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 20:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеуі 18 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды. Онда өңірдегі карантин шектеулері 7 ақпанға дейін қайта созылатындығы көрсетілген.

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Облыстың сыртқы шекараларына кіріп-шығуды бақылау үшін Павлодар облысы аумағына 2 санитарлық пост, ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдары «Ауыл», «Үбі», «Бақты», «Майқапшағай» тұстарына 4 санитартық пост орнатылады. Оның жұмысын Курчатов қаласының, Бесқарағай, Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары қамтамасыз етуі тиіс», - делінген қаулыда.


Жоғары қарай