Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да шектеу шаралары 6 маусымға дейін ұзартылды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 20:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 6 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Онда жазылғандай, өңір бойынша карантин 6 маусымға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 13,6%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,988.

- Барлық қала, аудан әкімдіктері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. 65 жастан асқан зейнеткерлерге және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілер жұмысы жалғасуы қажет, - делінген құжатта.



Жоғары қарай