Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да шағын көлдерде моторлы қайықтар мен скутерлерге тыйым салынбақ

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 08:54

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ШҚО Экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевтің айтуынша, өңірде шағын көлдерде моторлы қайықтар мен скутерлерге тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Родан көлінде скутермен жүргендер туралы бейнекадрлар барлық бұқаралық ақпарат құралдарында тарап, ел ішінде үлкен резонанс туған кезде облыстық Экология департаментінің мамандары оқиға орнына бірден жол тартқан. Олар биік таудағы шағын көлге жаяу барып, жағалауды түгел қарап шықты. Мамандар табиғат қорғау аймақтарын құру қажет деген қорытындығы келген. Бюджетті нақтылау кезінде осындай ұсыныс жасалмақ.

«Сондай-ақ, жоба аясында экологтар инвентаризация жүргізіп, жаңа ережелер бекітіп, ең бастысы шағын моторлы қайықтарды пайдалануға тыйым салуды көздеп отыр. Бұл өте маңызды. Себебі осының салдарынан су жанармаймен, мотор майымен ластануда. Бұдан бөлек, моторлы қайық демалушылар үшін де қауіпті. Тұрғындар тарапынан осыған қатысты көптеген шағымдар келіп түскен. Енді бар мәселе шешіледі деген үміт бар», - деді Данияр Әлиев.


Жоғары қарай