Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған 90 нысан анықталды

2020 жылдың 19 қазан 2020 21:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қазан айының басынан бері санитарлық талаптарды сақтамаған 90-нан астам нысан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, арнайы құрылған мониторингтік топтардың облыстық әкімдік және ШҚО Полиция департаментімен келісілген қазан айына арналған жұмыс кестесі жасалған.

«1-18 қазан аралығында облыста 412 рейд жүргізіліп, 5123 объект қамтылды. Санитарлық ережелерді сақтамай және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңбұзушылықтарға жол берген 90 нысан басшысына айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, облыстағы 19 қала мен ауданда 46 мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және «Атамекен» ҰКП өкілдері кіреді.


Жоғары қарай